Skip to content

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Ғылыми-техникалық кеңестің отырысы өтті 🔹…

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Ғылыми-техникалық кеңестің отырысы өтті

🔹 Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орман қоры жерлерін орманшылықтар мен айналымдарға бөлу жобасын талқылауға арналған Ғылыми-техникалық кеңестің (ҒТК) отырысы өтті.

🔹 Кеңеске Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Б.М. Жұманов, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас инженері А.Қ. Тілепбергенов және мамандар, ұлттық парк қызметкерлері қатысты.

🔹 Кеңес барысында жобаның ғылыми және тәжірибелік негіздері жан-жақты қарастырылып, орман қоры жерлерін тиімді ұйымдастыру, табиғи кешендерді сақтау, орманды қорғау және ұтымды пайдалану бағытындағы маңызды мәселелер талқыланды. ҒТК мүшелері өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салып, жобаны жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсынымдар қабылдады.

🔹 Кеңес отырысынан кейін мамандардың қатысуымен далалық зерделеу жұмыстары жүргізілді. Жобаға енгізілген аумақтар қаралып, орманшылықтар мен айналымдардың шекаралары табиғи-географиялық ерекшеліктерді ескере отырып нақтыланды.