Skip to content

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде өрт қауіпсіздігі шаралары күшейтілді 🔥🌿…

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде өрт қауіпсіздігі шаралары күшейтілді 🔥🌿

Ұлттық парктің аумағында ұзындығы 108 шақырымға созылған минералдандырылған жолақтар тартылды.

🚜 Арнайы техникамен жасалған бұл жолақтар орман өрттерінің таралуына жол бермеу мақсатында жүргізіледі.

Минералдандырылған жолақ – топырақтың беткі қабаты шөп пен өсімдіктен тазартылып, өрттің табиғи аймақтарға өтпеуі үшін кедергі жасайтын қауіпсіздік шарасы.

Бұл шара ұлттық парк аумағындағы табиғи байлықтарды сақтау және экожүйеге зиян келтіретін факторлардың алдын алу мақсатында атқарылып отыр.