Skip to content

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне қарасты республикалық маңызы бар «Шарын…

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне қарасты республикалық маңызы бар «Шарын ерен тоғайы» табиғат ескерткішін сақтау және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы облыстық орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы-С.Лоян ; “Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы”РМҚК-ның Оңтүстік шығыс аймақ филиалының орман шаруашылығы инженері-Н.Абилев; Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті “Орман ресурстары,аңшылықтану және аквакультура”кафедрасының қауымдастырылған профессоры-Т.Кертешов және аға оқытушы-М.Шыныбеков
“Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты”ЖШС-нің ғылыми қызметкері-Е.Дәулеткелді қатысуымен далалық зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Зерттеу барысында тоғайды орман өрттерінен қорғау, өрттің таралуының алдын алу, сондай-ақ табиғи жолмен құлаған ағаштар мен сүрек қалдықтары жиналған аумақтардың және Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген Соғды шағаны (Fraxinus sogdiana) өсетін орман телімдерінің санитарлық және фитосанитарлық жағдайы зерделенді.