🔰Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында көктемгі тоғай алқаптарын шолып тексеру жұмыстары жүргізілді. Аталған тексеру табиғи экожүйенің жай-күйін бақылау, қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік инспекторлардың қызметін бағалау мақсатында ұйымдастырылды.
🔷Тексеру барысында тоғайдың жалпы санитарлық жағдайы, өсімдіктер жамылғысының күйі, құрғақ ағаштар мен өртке қауіпті учаскелердің бар-жоғы мұқият қаралды. Сонымен қатар, мемлекеттік инспекторлардың күнделіктері тексеріліп, жүргізілген жұмыстардың уақтылы әрі дұрыс тіркелуі назарға алынды.
🔷Жалпы, көктемгі тексеру жұмыстары табиғи аумақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, экологиялық жағдайды тұрақты ұстауға және алдағы өрт қауіпті кезеңге дайындық деңгейін арттыруға бағытталды.