Skip to content

📍 Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында қосмекенділер мен бауырымен…

📍 Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушыларға бақылау жұмыстары жүргізілді

🦎Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында мекендейтін қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың биологиялық алуантүрлілігін зерттеу және олардың таралу ерекшеліктерін анықтау мақсатында кезекті бақылау-мониторинг жұмыстары жүргізілді.

🔹Зерттеу жұмыстарын ұлттық парктің Ғылым бөлімінің мамандары жүзеге асырды. Бақылау барысында қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың түрлік құрамы, мекендеу орындары және табиғи ортасының жағдайы зерделенді.