Skip to content

?Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері “Таза Қазақстан” акциясы жұмыстарын жүргізді.

?Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстарын жүргізді.

?Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа жанашырлық таныту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Іс-шара барысында парк аумағындағы қоқыстар жиналып, өзен жағалаулары қоқыстан тазартылды.

?Бұл шара табиғатты сақтау ісінде тек парктің қызметкерлерін ғана емес, қоғамдағы әрбір азаматты белсенділікке шақырады. Себебі табиғат – біздің ортақ үйіміз, оны таза ұстау – әрқайсымыздың борышымыз. ?