🔰Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері Ұйғыр ауданының Төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп, ұлттық парктің туристік бағыттарында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру және профилактикалық іс-шаралар өткізді.
🔹Іс-шара барысында келушілерге табиғат аясында демалу кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік талаптары жан-жақты түсіндіріліп, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша маңызды ұсынымдар берілді. Сондай-ақ туристерге ұлттық парк аумағында өзін ұстау мәдениеті, табиғатты қорғау, тазалықты сақтау және өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі жөнінде ақпарат берілді.
🔹Келушілер «Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу қағидаларымен» таныстырылып, аталған талаптарды сақтау ұлттық парктің бірегей табиғи мұрасын қорғауға және әрбір туристің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғаны түсіндірілді.
📌Құрметті ұлттық парк аумағына келушілер! Табиғат аясындағы демалыс кезінде белгіленген қауіпсіздік ережелерін сақтап, ұлттық парк аумағына ұқыптылықпен қарауға шақырамыз. Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз!





