Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторлары өздеріне бекітіп берген айналымдарына орнатқан фототұзаққа тіркелген борсықтың тыныс – тіршілігі.
Борсық (Meles meles L.) – біршама ірі, дене тұрқы 90 см дейін, құйрығы 24 см жететін, қысқа мойынды, құлағы кішкентай, тұмсығы ұзындау, денесі тығыршықты аң. Реңі сұр немесе қоңыр – сұр, мұрнынан желкесіне дейін және ұртынан ақшыл, ал көзінің үстінен қара жолақ өтеді. Аяқтары, төсі және құрсағы қара болады.
Алуан түрлі жағдайда тіршілік етеді. Бірнеше аузы бар, тарамдалған ін қазады, жиі қалашық салады. Борсықтар әртүрлі азықпен – ұсақ аңдармен, құстармен, насекомдар олардың личинкаларымен және жеміс – жидектермен қоректенеді.
Барсук (Meles meles L.) – довольно крупный длина тела до 90 см, длина хвоста 24 см, плотного телосложения зверь, с короткой шеей, маленькими ушами и вытянутой мордой. Окраска серая или буровато-серая, от носа к затылку и по щекам идут светлые, а через глаза – черная полоса. Ноги, грудь и брюхо черные.
Питаются барсуки самой разнообразной пищей – мелкими зверьками, птицами, насекомыми и их личинками, моллюсками, дождевыми червями, ягодами, фруктами.