Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің таулы аумақтарында мекендейтін тау ешкілері дрон камерасына түсірілді.
Тік жартастар мен таулы шатқалдарды мекендейтін бұл жануар табиғи экожүйенің маңызды бөлігі саналады.
🐐Тау ешкілері қиын әрі қолжетімсіз жерлерді мекендейді. Жартасты таулар олар үшін табиғи баспана әрі жыртқыштардан қорғанудың тиімді жолы.
🐾 Тұяқтары ерекше бейімделген. Тұяқтарының жұмсақ ішкі бөлігі тегіс емес жартастарға жақсы жабысып, сырғанап кетуден сақтайды.