Skip to content

Шарын шатқалына саяхатқа барғанда нені ескеру керек? Көркімен көпті тамсандырған…

Шарын шатқалына саяхатқа барғанда нені ескеру керек?

Көркімен көпті тамсандырған Шарын шатқалы туристік маусымға дайын. Жаз айларында мұнда келушілердің саны да арта түседі.

Осыған орай мемлекеттік инспектор Ділшат Омарбакиев туристік маусымға дайындық барысын таныстырып, сапар кезінде ескерілетін маңызды жайттарды атады.

Оның айтуынша, шатқалға барғанда ауа райын ескеріп, қауіпсіздік талаптарын сақтау қажет. Сондай-ақ арнайы белгіленген қауіпсіз бағытпен жүріп, табиғатты таза ұстап, қоқыс қалдырмаған жөн.