Skip to content

📹 Шарын ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген үкі фототұзаққа тіркелді…

📹 Шарын ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген үкі фототұзаққа тіркелді

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жүргізіліп жатқан тұрақты мониторинг жұмыстары барысында фототұзаққа Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген ерекше жыртқыш құс – үкі тіркелді.

🔹Үкі – еліміздегі ең ірі түнгі жыртқыш құстардың бірі. Оның үлкен қызғылт-сары көздері қараңғыда анық көруге, ал өте сезімтал есту қабілеті әлсіз дыбыстың өзін дәл ажыратуға мүмкіндік береді. Қанат жайымы екі метрге жуықтайтын бұл құс үнсіз қалықтап ұшып, түнгі табиғаттың ең шебер аңшыларының бірі саналады.

🏔️Шарын ұлттық паркінің жартасты шатқалдары, биік құздары мен адам аяғы сирек басатын тыныш аумақтары үкі үшін қолайлы мекен болып табылады.