Skip to content

Шарын ұлттық паркінің аумағында табиғаттың сирек көрінісі тіркелді. Аумақты бақылау…

Шарын ұлттық паркінің аумағында табиғаттың сирек көрінісі тіркелді. Аумақты бақылау барысында мемлекеттік инспекторлар тазқара құсының ірі шоғырын кадрға түсірді. Тазқараның мұндай көп санын бір мезетте көру — өте сирек жағдай.

Тазқара — табиғаттағы «санитар құс» саналады. Ол өлекселермен қоректеніп, қоршаған ортаны тазартуға және жұқпалы аурулардың таралуының алдын алуға маңызды рөл атқарады.

Бұл ерекше кадр ұлттық парк аумағындағы биоалуантүрліліктің бай екенін және инспекторлардың қырағылығы мен табиғатты қорғау бағытындағы жүйелі жұмысын айқын көрсетеді.