Skip to content

Сүмбе ауылында экологиялық тәрбие іс-шарасы өтті

✅ “Таза Қазақстан” экологиялық акциясының аясында Сүмбе ауылы, “Сүмбе орта мектебі” КММ-де “Ағаш ексең аялап, жаныңа болар саябақ!” атты іс-шара болып өтті.

✅Іс-шара барысында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мамандары табиғатқа қамқорлық жасау, жасыл желектерімізді аялап, күтіп-баптаудың маңыздылығын түсіндірді.
Мектеп оқушылары табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін әсем әндерімен жеткізіп, өз өнерлерін ортаға салды.

✅Шара аясында оқушылармен бірге бозарша тұқымы отырғызылып, алдағы уақытта жас жеткіншектер өздері отырғызған тұқымдарды күтіп-баптап, еліміздің “Жасыл Қазақстанға” айналуына өз үлестерін қосатынын жеткізді.
@bilim_bolim

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *