Skip to content

🔰«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи…

🔰«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілді.

🔹Іс-шара барысында ұлттық парк қызметкерлері қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында Шонжы–Алматы республикалық маңызы бар автомобиль жолының бойын тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Жол жиегінде шашылып жатқан пластик қалдықтар, шыны бөтелкелер, тұрмыстық қоқыстар мен өзге де қалдықтар жиналып, арнайы қаптарға салынып, белгіленген орындарға шығарылды.

🔹Аталған шараның басты мақсаты – табиғи ортаның тазалығын сақтау ғана емес, қоғамның қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатты аялаудың маңыздылығын насихаттау.

📢 Құрметті жол пайдаланушылар, аудан тұрғындары мен қонақтары!

Табиғат – баршамызға ортақ қазына. Оның тазалығы мен әсемдігін сақтау – әрбіріміздің азаматтық борышымыз.

Жол жиектеріне, демалыс орындарына және табиғи аумақтарға қоқыс тастамауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырамыз.

✅Таза табиғат – өркениетті қоғамның айнасы.