Skip to content

?ТАЗА ҚАЗАҚСТАН-ТАБИҒАТТЫ СӨЗБЕН ЕМЕС, ІСПЕН ҚОРҒАУДЫҢ ДӘЛЕЛІ

☘️Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мамандары N5 Шонжы орта мектебінің “Мектеп орманшылығы” мүшелерімен бірге практикалық сабақ өткізді.

☘️Оқушылар өткен жылы өз қолдарымен отырғызған бозарша көшеттерінің тамыр жүйесі жақсы жетіліп, енді кең ыдыстарға көшірілді.

☘️Бұл – өткен жылы басталған жасыл бастаманың жалғасы. Бұл – жай ғана көгалдандыру емес, жасыл бастаманың жалғасуы және балалардың экологиялық санасын, экобілімін, табиғатқа деген жанашыр қарым-қатынасын қалыптастырудағы маңызды қадам.

? Әр оқушы өз қолымен өсірген көшетті баптап, табиғатты қорғаудың нағыз тәжірибесін сезінді.
? “Таза Қазақстан” акциясы – табиғатты сөзбен емес, іспен қорғаудың дәлелі!