“Таза Қазақстан” — таза болашақтың бастауы!
🌎“Таза Қазақстан” және “Парктер шеруі – 2026” экологиялық акциялары аясында Шонжы ауылының “И.(Бахтия) Молутов” атындағы орта мектебінде “Таза Қазақстан – таза болашақ” атты экологиялық фестиваль ұйымдастырылды.
🔰Фестиваль барысында оқушылар “Жасыл мектеп” бағытындағы экологиялық жобаларын таныстырып, қоршаған ортаны қорғау, көгалдандыру және табиғатты аялау жөніндегі тың идеяларымен бөлісті.
🌳Іс-шараның жалғасы ретінде мектеп оқушылары ұлттық парк мамандарымен бірге бозарша көшеттерін мектеп ауласына отырғызды. Табиғатқа деген жанашырлық пен жауапкершілікті дәріптеген бұл бастама жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
✅Ерекше атап өтерлігі, өткен жылы оқушылармен бірге егілген бозарша көшеттері биыл мектеп ауласына көшіріліп отырғызылды. Бұл — табиғатқа жасалған қамқорлықтың нақты нәтижесі мен жасыл болашаққа жасалған маңызды қадам.