Skip to content

? «Таза Қазақстан» – «Таза өлке» акциясы ?

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясының аясында «Таза өлке» іс-шарасы ұйымдастырылды.

Акция барысында парк қызметкерлері Сартоғай аумағы мен Алматы–Шонжы тас жолының жиегінде тазалық жұмыстарын жүргізді. Жиналған қоқыстар арнайы орындарға шығарылып, табиғи аумақтың санитарлық жағдайы жақсартылды.

Бұл шараның басты мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғаудың маңыздылығын насихаттау және жас ұрпақты қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.

♻️ Табиғатты бірге қорғайық – таза өлке, жарқын болашақ үшін!