Skip to content

“Таза өлке” — Таза табиғат!

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің студенттері “Таза Қазақстан” экологиялық акциясының аясында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді.
⠀
Жастар табиғат аясында серуендеп қана қоймай, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты. Олар парк аумағындағы қоқыстарды жинап, экологиялық мәдениетті насихаттап, табиғатты аялаудың маңыздылығын талқылады.
⠀
Мұндай игі істер – жас буынның табиғатқа деген жанашырлығының жарқын көрінісі.

Табиғатты аялау – өз болашағымызды қорғау!