Skip to content

🤝Тәжірибе алмасу және кәсіби байланыстарды нығайту мақсатында Маңғыстау облысының табиғи…

🤝Тәжірибе алмасу және кәсіби байланыстарды нығайту мақсатында Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің қызметкерлері Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне арнайы келді.

🔹Кездесу барысында екі табиғи аумақтың қызметкерлері табиғи ресурстарды қорғау, экологиялық ағарту, туризмді дамыту және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды тиімді басқару бағыттарындағы тәжірибелерімен бөлісті.

🔹Сапар аясында «Қызылсай» паркінің қызметкерлеріне Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің табиғи ерекшеліктері мен көрікті жерлері таныстырылып, парк аумағындағы атқарылып жатқан жұмыстар көрсетілді.