⛰️Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 300 миллион жылдық тарихы бар Темірлік-Кіші шатқал туристік бағытына бірге саяхаттайық!✨
⛰️Кіші шатқал – геологиялық туристік танымдық бағыт, Шарын өзенінің жағасында, Бестамақ тауларының маңында орналасқан.
Кіші шатқал теңіз деңгейінен 1059 метр биіктікте орналасқан. Құздардың биіктігі 375 метрге дейін жетеді.
⛰️Шатқал таскөмір кезеңінің вулкан атқылауларынан шыққан лавалардың нәтижесінде 300 млн жыл бұрын түзілген.
Шарын өзенінің жағасы, тораңғы ағашының саясында демалу – жанға жайлы тыныштық, әрі ұмытылмас демалыс болары сөзсіз.✨