🦅 Тілеміш – даланың айбынды жыртқышы
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында тілеміш (курганник)құсы фотоға түсірілді.
🔸Тілеміш – шөлейт және дала ландшафттарын мекендейтін жыртқыш құстардың бірі. Оның қанаттары ұзын әрі жалпақ, денесінде ашық жирен,ақшыл реңктер басым. Ересек құстың дене тұрқы шамамен 57–65 см, қанаттарының құлашы 135–160 см-ге жетеді.
🔸Ол ұсақ сүтқоректілер,кеміргіштер,бауырымен жорғалаушылар және ұсақ құстарды да аулайды.Осылайша экожүйедегі табиғи тепе-теңдікті сақтауға өз үлесін қосады.
🔸Шарынның шөлейтті, жазық және таулы табиғи ландшафттары – бұл құстың тіршілігіне қолайлы орталардың бірі.
🌿 Табиғаттағы әрбір тіршілік иесінің өз орны бар. Жыртқыш құстарды қорғау – табиғи тепе-теңдікті сақтаудың маңызды бөлігі.



