🧂🐾 Тұздықтар — жабайы жануарлар тіршілігіндегі маңызды минералды қор
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жабайы жануарларды қолдауға бағытталған биотехникалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде. Соның бірі — жануарларға арналған минералды тұз шашу жұмыстары.
Тұз — барлық жануарлар үшін аса қажетті минералдардың бірі. Әсіресе таутеке, елік секілді тұяқты жануарлардың ағзасы мен мүйіздерінің қалыптасуында тұздың маңызы зор. Сонымен қатар минералды заттар жануарлардың иммунитетін нығайтып, төлдердің дұрыс жетілуіне ықпал етеді.
🪨 Табиғи ортада тұздықтар тасты немесе тұзды топырақты аймақтарда кездеседі. Ал кей жағдайларда жануарлардың қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы қолдан тұздықтар жасалады. Мұндай орындарға жабайы жануарлар тұрақты келіп, өз ағзасына қажетті минералдарды толықтырады.
🌿 Көктем және жаз мезгілдерінде жануарлардың минералды заттарға қажеттілігі арта түседі. Осыған байланысты ұлттық парк инспекторлары парк аумағындағы арнайы нүктелерге тұз орналастырып, биотехникалық жұмыстар жүргізуде.



