Ұлттық парк аумағында Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген сирек өсімдік — Іле бөріқарақаты гүлдеуде.
Бұл өсімдік Іле өңірінің эндемигі болып табылады және табиғаттың ерекше құнды мұраларының бірі саналады.
Іле бөріқарақаты (Berberіs іlіensіs) —бөріқарақаттар тұқымдасына жататын тікенекті бұта. Мамыр айында гүлдеп, шілде-тамыз айларында жеміс береді.




