🌱Ұлттық парк аумағында өсімдіктердің маусымдық даму кезеңдерін анықтау мақсатында фенологиялық бақылау жұмыстары жүргізілуде.
🔹Бақылау барысында сексеуілдің гүлдеу кезеңі, қызыл кітапқа енген Іле бөріқарақатының жеміс беруі және өсімдіктердің маусымдық өзгерістері бақыланып, олардың даму барысына мониторинг жасалуда.
🌱Фенологиялық бақылау — табиғи экожүйелердегі өсімдіктердің жыл мезгілдеріне байланысты өзгерістерін зерделеудің маңызды бағыттарының бірі.








