🔹Ұлттық парк аумағында табиғатты қорғау, аумақты күзету және өрт қауіптілігі жоғары маусымдағы қауіпсіздік шаралары үздіксіз жүргізілуде.
📌Өрт қаупі жоғары кезеңде ұлттық парк қызметкерлері табиғи кешендерді сақтау, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау бағытындағы жұмыстарды күшейтіп, мемлекеттік инспекторлар күн сайын аумақты бақылау арқылы табиғат қорғау заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуде.
🔹Сонымен қатар, құқық бұзушылықтардың алдын алу, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылау және келушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында тұрақты рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда.