Ұлттық паркте ҚР Конституциялық реформасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелері ұлттық парк ұжымымен бірге 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасын талқылады.
Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның басты жаңалықтарына тоқталды. Оның ішінде адам құқықтарының басымдығы, әлеуметтік кепілдіктердің сақталуы, еңбек адамдарының құқықтарын қорғау, цифрлық қауіпсіздік және дәстүрлі отбасы құндылықтарын нығайту мәселелері бар.
«Жаңа Конституция – әділетті мемлекеттің іргетасы. Мұнда әр азаматтың өмірі, құқығы мен бостандығы ең жоғары құндылық ретінде бекітілген. Білім мен медицина тегін, еңбек қорғалады, цифрлық деректеріңіз қауіпсіз болады», – деді коалиция мүшесі Тілепжан Ашимович.
Кездесу соңында парк ұжымы референдумға белсене қатысып, ел болашағына өз үлестерін қосатындарын жеткізді.