Skip to content

🌿 Ұлттық паркте өсімдіктерге фенологиялық бақылау жұмыстары жалғасуда 🔸Шарын мемлекеттік…

🌿 Ұлттық паркте өсімдіктерге фенологиялық бақылау жұмыстары жалғасуда

🔸Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында өсімдіктердің маусымдық даму кезеңдерін бақылау мақсатында кезекті фенологиялық мониторинг жүргізілді.

🔸Қазіргі таңда бұталы өсімдіктердің гүлдеу кезеңі аяқталып, тұқымдары мен жемістерінің пісу кезеңі басталды. Бұл уақытта өсімдіктерде алғашқы толық піскен тұқымдар мен жемістер байқалады. Құрғақ тұқымдар шашыла бастаса, шырынды жемістер жұмсарып, өзіне тән түсі мен дәміне енеді.

🔸Парк аумағында өсетін Іле бөріқарақаты, шырғанақ, тораңғы, жиде, долана, итмұрын және басқа да ағаш-бұта түрлерінің жемістері осы кезеңде пісіп жетіле бастайды.

🔸Тұқым мен жемістің пісуі – табиғаттағы тіршілік айналымының маңызды кезеңдерінің бірі. Бұл үдеріс өсімдіктердің табиғи жолмен көбеюіне, жануарлар мен құстардың қорек қорын толықтыруына және экожүйенің тепе-теңдігін сақтауға ықпал етеді.