Skip to content

🔰Жаңабай Құдайбергенов атындағы мектеп оқушыларына танымдық әрі тағылымы мол дәріс…

🔰Жаңабай Құдайбергенов атындағы мектеп оқушыларына танымдық әрі тағылымы мол дәріс өткізілді. Дәрістің тақырыбы – “Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің биоалуантүрлілігін сақтау”.

🔰Іс-шара барысында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мамандары оқушыларға ұлттық парктің ерекше табиғи байлығы, сирек кездесетін өсімдіктері мен жануарлар дүниесі туралы кеңінен мағлұмат берді. Сонымен қатар, табиғи экожүйені сақтау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және әрбір азаматтың табиғат алдындағы жауапкершілігі жайлы маңызды ойлар айтылды.

🔰Ұлттық парк мамандары оқушыларды көзге көрінбейтін, бірақ аса маңызды табиғат әлемімен таныстырды. Әрбір өсімдік — тіршілік тынысы, әрбір жануар — экожүйенің ажырамас бөлігі екенін ұғындырды.

✅ Сондай-ақ, елімізде кеңінен жүзеге асырылып жатқан “Таза Қазақстан” экологиялық акциясының мәні мен мақсаты түсіндіріліп, қоршаған ортаны таза ұстауға әр азаматтың үлес қосуы керектігі атап өтілді.

#тазақазақстан #тренд2026 #табиғаттысақтауғақосқанүлесім #экологияғақосқанүлесім #парктершеруі2026