Skip to content

🌏3 наурыз – Дүниежүзілік жабайы табиғат күні

Аталмыш мерекенің мақсаты – жұртшылықтың назарын жабайы табиғаттың әсемдігі мен алуан түрлілігіне аудару, сонымен қатар оған ұқыпты қараудың маңыздылығын ескерту.

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өте бай. Ұлттық паркте:

🐐34 түрлі сүтқоректі,
🦎18 түрлі бауырымен жорғалаушылар,
🐸4 түрлі амфибия,
🦅246-ға жуық құс түрі мекендейді.
🌿1000-ға жуық жоғары сатыдағы өсімдіктер, 50-ден аса түрі сирек кездесетін және эндемикалық түр деп есептеледі.

📕Парк территориясында Қазақстанның қызыл кітабына енген аңдардың 4 түрі кездеседі: қарақұйрық, сабаншы, ортаазия кәмшаты және түркістан сілеусіні.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *