Skip to content

«Таза Қазақстан»🌱экологиялық акциясы аясында Республика күніне орай Шарын мемлекеттік ұлттық…

«Таза Қазақстан»🌱экологиялық акциясы аясында Республика күніне орай Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мамандары Абай атындағы мектеп-гимназиясының оқушыларымен бірлесіп, «Туған жер табиғаты – ортақ байлығымыз» тақырыбында ашық экологиялық сабақ өткізді.

🔹Іс-шара барысында мамандар оқушыларға ағаш тұқымдарын қалай дұрыс егу қажеттігін,күтіп-баптауды және табиғатты қорғау мен жасыл желекті көбейтудің маңыздылығын түсіндірді.Бұл бастама жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақырады.