Ұлттық Құрылтайда еліміздің бай табиғатын қорғау және сақтау мақсатында бірқатар стратегиялық маңызды шешімдер қабылданды. Мемлекет басшысының құрылтайда айрықша назар қойып айтқан мәселесінің бірі – еліміздің биологиялық әралуантүрлілігін сақтау қорын құру. Мемлекет басшысының бұл бастамасы – еліміздің табиғи байлығын қорғау, сақтау , келешек ұрпаққа табиғи байлықтарымызды жеткізудің сара жолы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: “Табиғи байлығымен, жан-жануарлар дүниесімен бүкіл әлемге танымал еліміздің биологиялық әралуандылығын қорғау айрықша маңызды міндетке айналды”.
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – Алматы облысында экологиялық, тарихи-мәдени, эстетикалық табиғат байлықтарын қалпына келтіру және сақтау мақсатында қызмет етіп келе жатқан мекеме.
Ұлттық табиғи парктің жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өте бай. Ұлттық паркте:
🐐34 түрлі сүтқоректі,
🦎18 түрлі бауырымен жорғалаушылар,
🐸4 түрлі амфибия,
🦅246-ға жуық құс түрі мекендейді.
🌿1000-ға жуық жоғары сатыдағы өсімдіктер, 50-ден аса түрі сирек кездесетін және эндемикалық түр деп есептеледі.
📕Парк территориясында Қазақстанның қызыл кітабына енген аңдардың 4 түрі кездеседі: қарақұйрық, сабаншы, ортаазия кәмшаты және түркістан сілеусіні.

Алуантүрлі табиғат байлықтарымыз мен табиғи кешендердімізді қорғау – басты міндетіміз!