Skip to content

«Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні»

Жыл сайын сәуір айының үшінші сенбісінде елімізде “Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні” акциясы өткізіліп, жасыл желектерді отырғызу жұмыстары жүргізіліп келеді. Аталған шараға Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері де өз үлестерін қосып, Шошанай ауылының тұрғындарымен бірге “Парктер шеруі -2024” акциясының аясында ауыл маңындағы саябаққа жасыл екпелерді отырғызып,көгалдандыру  жұмыстарын жүргізіп, ауыл тұрғындарының ризашылығына бөленіп қайтты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *