Мамыр айының 3-ші жұлдызында Ават ауылы “И.Искандеров атындағы орта мектебінде” “Парктер шеруі – 2024” табиғатты қорғау акциясының аясында кең ауқымда экологиялық фестиваль өткізілді. Оқушылар “Қалдықтарға екінші өмір сыйла”, “Құстарға ұя жасау”, “Табиғатты қорғайық!” тақырыбында қабырға газеттерін шығару, “Табиғатым – шабытымның бастауы” өз шығармашылығынан өлең, шығарма жазу бағыттары бойынша жасаған жұмыстарымен таныстырды. Акцияға ауыл әкімі, Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері, сонымен қатар Көлсай көлдері ұлттық табиғи паркінің мамандары қатысты. Акция мектеп ауласына шырша, қайың , бозарша көшеттерін отырғызумен жалғасын тапты.