Ғылым бөлімінің мамандары “Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы ағаш және бұта өсімдіктерінің биологиялық алуантүрлілігін зерттеу” тақырыбы бойынша Сарытоғай аумағында далалық бақылау жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, мемлекеттік инспекторлардың күнделігін тексеру және фототұзақтарды орнату жұмыстарын жүргізді.
🌿Биыл ауа-райының жылы болуына және жауын-шашын мөлшерінің мол болуына байланысты кейбір өсімдік түрлері және талдардың қайта оянғаны байқалды.