📚Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің “Ғылым” бөлімінің мамандары Қалжат орта мектебінде “Құстарға қамқор болайық!” атты іс-шара өткізді. Шара аясында ғылыми қызметкерлер оқушыларға жыл құсы – “Жұртшы” жайлы мағұлмат беріп, құстардың табиғаттағы пайдасы, Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында мекендейтін құстар, оларды түгендеу және мекендейтін ортасын анықтау жайлы ақпараттарымен бөлісті.