Республикалық “Таза Қазақстан” экологиялық акциясының аясында еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тарапынан 1000 дана құс ұяларын әзірлеу жоспарланған.
Осы орайда Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері “Изим Искандеров атындағы орта мектеп” оқушыларымен бірге мектеп ауласына 20 дана құс ұяларын әзірлеп, орнатты.


Қанатты достарымызға қамқор болайық!