Skip to content

“Қызыл кітаптағы” сұлулық: Шарын паркінде Колпаковский қызғалдағы гүлдеді

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында Қазақстанның “Қызыл кітабына” енген Колпаковский қызғалдағы гүлдеуде.

?Колпаковский қызғалдағы Tulipa Kolpakowkiana –
биіктігі 15-35 см, пиязшығы жұмыртқа тәрізді, жуандығы 1,5-2 см, қара қоңыр, терілі, ішкі жағының ұшы жатаған қалың түкті қабықты.
Сабағы жалаңаш; жапырақ саны 3-5, шамалы алшақ орналасқан, кірпікшелі, әдетте гүлден биік, төменгісі таспа тәрізді, ені 1-3 см.

Сәуір-мамыр айларында гүлдейді. Парктің Үлкен Бұғыты тау учаскесінде кездеседі.


❗Келуші туристердің назарына!

Ұлттық парк аумағында:
? Жабайы өсетін ағаш, бұта, шөп өсімдіктерін (гүлдерді) және дәрі-дәрмектік шикізат жинауға және қазып алуға рұқсат етілмейді.
? ЕҚТА аумағында көрсетілген ережені сақтамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

?Мемлекеттік инспектор: Б. Махаметжанов.
✍?Ғылым бөлімі