Skip to content

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен пресс-тур өткізілді.

🎥2025 жылдың 19-шы ақпанында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде ұлттық парк аумағындағы экотуризмді дамыту, ұлттық паркіміздің туристік бағыттарын жарнамалау, парк қызметін дәріптеу мақсатында аудан әкімшілігімен бірлескен түрде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен пресс-тур өткізілді.

Іс-шараға аудан әкімі, аудандық мекеме басшылары және 30-дан аса бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен блогерлер қатысты.
Шараға қатысушылар «Шарын шатқалы-Қамалдар аңғары» туристік бағытында 2023-ші жылы бой көтеріп, бүгінгі күнде келушілерге сапалы қызмет көрсетіп жатқан «Sharyn» визит орталығының қызметімен танысып, визит орталықта ұлттық парк қызметкерлерімен бірге «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының аясында контейнерлерге тұқым отырғызып, «Жасыл Қазақстан» акциясының аясында өткізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесімен танысты.

Парк директоры Гүлмира Нысанбаева ұлттық парк қызметі жайлы, паркті дамыту жолында атқарылып жатқан іс-шаралар мен болашақтағы жоспарлар жайлы сұхбат берді. Бұқаралық ақпарат құралдырының өкілдері мен пресс-турға қатысушылар «Шарын шатқалы-Қамалдар аңғары» туристік бағытында экотуризмді дамыту мақсатында атқарылған іс-шара нәтижелерімен танысып, ұлттық парктің заманауи инфрақұрылымы мен табиғи сұлулығын тамашалап, алған керемет әсерлерімен бөлісті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *