Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің “Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жабайы жануарлардың күзгі санағын жүргізу” туралы тапсырмасына сәйкес, Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде 2024 жылдың 5-7 қараша аралығында Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Н.Қонысбаев, инспекцияның бас мамандары Н.Орманбеков , Е.Елекенов, ҚазҰАЗУ “Орман шаруашылығы және жер ресурстары” факультеті декан орынбасары, PhD, биолог-аңшылықтытанушы Д.Акимжанов және ұлттық парк директоры Г.Нысанбаева және бөлім басшылары мен мемлекеттік инспекторлардың қатысуымен ұлттық парк аумағында қарақұйрық пен сібір тау текесіне санақ жұмыстары жүргізілді.