22 сәуір – Халықаралық жер күні! Жыл сайын 22-ші сәуірде бүкіл әлемде адамзат Жер күнін атап өтеді, бұл бізге Жер Анамыздың қадір – қасиетін ұғындыратын атаулы дата.
Атаулы күн 2009 жылдың 22-ші сәуірі күні БҰҰ Бас ассамблеясының 63-ші сессиясында бекітілді және 2010 жылдың 22-ші сәуірінен бастап жыл сайын аталып өтіледі.
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі де атаулы датаны кең көлемде атап өтті. Осы орайда ұлттық парк қызметкерлері мен “Тасқарасу орта мектебі” “Табиғаттың тірегі сен – Жер Ана!” атты экологиялық форум өткізді. Акция мектеп ауласына көгалдандыру жұмыстарын жүргізумен жалғасын тапты.
![](https://charyn-park.kz/wp-content/uploads/2024/05/3c9b9676-d53c-4ece-8a1e-66de0195088a-1024x768.jpg)
![](https://charyn-park.kz/wp-content/uploads/2024/05/addc7505-7759-4298-a693-560a4122dec8-1024x576.jpg)